Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ашық киіммен би билеген отандық спортшы қыз ерлер қауымын естен тандырды (видео)

0 2  425

Қазақстандық жеңіл атлет Элина Михина Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында билеген сәтін жариялап, ерлер қауымын естен тандырды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Спортшы қыз желіде жариялаған видеосының астына билегеннен рақаттанатынын жазған.

Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жаңбырша жаудырды.

«От би», «Көздің жауын алады», «Тамаша», «Орындық қалайша жанып кетпей тұр», деді олар.

Еске сала кетейік, бұған дейін индонезиялық БАҚ Михина туралы жазған болатын. Онда Элинаны Сабина Алтынбекова мен Кристина Карапетянмен (ред, волейболшылар) бірге Қазақстандағы ең көрікті спортшылардың қатарына жатқызған.

Айта кетейік, 27 жастағы Элина Михина орта қашықтыққа жүгіретін жеңіл атлет. Ол Қазақстан Республикасының спорт шебері, 4×400 метрге эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатының және Қазақстан Спартакиадасының қола жүлдегері. Сонымен қатар,оның есебінде жабық кешендегі Азия чемпионатының екі алтыны бар.

Ескерту: Видеоны кәмелет жасқа толмағандарға қарау ұсынылмайды.

 

 

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.