Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ащы болса да, шындық керек»: Сенатор Қазақстанда кедейлік деңгейі ашық көрсетілмейтінін айтты

0 84

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қазақстанда жұмыссыздар саны мен кедейшілік деңгейі бойынша статистика дұрыс жүргізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайыловқа арналған депутаттық сауалында айтты.

Сенатор жергілікті атқарушы органдар мен үкімет елде жұмыссыздық пен кедейліктің деңгейі төмен екенін үнемі айтып жүргенін баса айтты.

“Мәселен, 2021 жылы үкімет Қазақстанда ресми түрде 450 мың адам жұмыссыз деп есептелгені, ал кедейлік деңгейі 4,5% -дан аспайтыны туралы ақпарат берді. Бірақ іс жүзінде көрсеткіштер мүлдем басқа.

Біздің есептеулер бойынша, 2 миллион азамат жұмыс таба алмай жүр. Елдегі кедейлік деңгейін анықтаудың қазақстандық тәсілі әлі күнге дейін көрсеткіштерді төмендетуді жалғастыруда. Кедейлік шегін айқындаудың әлемдік стандарттарға шығуға не кедергі? Болашақта жалған статистикадан толығымен арылу қажет. Жалған ақпараттан, ащы болса да шындық керек”, – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.