Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Асарлатып үй салудан» тараздықтар да шет қалмауда

0 311

Өңірде тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі жыл өткен сайын тиімді ұйымдастырылуда. Мысалы, былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған болатын. Құрылыс басқармасының мәліметінше, өткен жылы осынау игі бастамамен 99 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.

Жалпы өңір халқының басым көпшілігі ауылда тұратынын ескерсек, бұл жобаның ауыл тұрғындары үшін тиімді екенін аңғарамыз. Десек те, биыл қалада да демеушілердің қолдауымен мұқтаж жандарға үш бөлмелі он бес жер үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жауапты істі қала кәсіпкерлері мен атымтай жомарт жандар қолға алған. «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабынан қаралған жер телімінде 15 үй қатар салынуда. Инженерлік- инфрақұрылымдық жұмыстар толық аяқталған. Яғни тұрғындарды су, газ, жол мәселесі алаңдатпайды. Жаңа мектеп те бой көтеруде. Әрі әр учаскенің аумағы сегіз сотық. Көкөніс егуге де қолайлы. Әзірге сол үйлердің тек екеуі пайдалануға беріліпті. Қалған үйлердің құрылысы қазан айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Байқап тұрсаңыздар, биыл «Асарлатып үй салу» жобасы аясында атқарылатын жұмыстың көлемі ауқымды. Енді мұқтаж жандарға берілетін үйлердің құрылысы келер айда толығымен аяқталса құба-құп. Демеушілер де соны ескеріп, бастаған ісін соңына дейін жеткізеді деп сенеміз.

Сәндібек Піренов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.