Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Роза Исаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Зере Қуаныш

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының 2018 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары және биылғы жылға перспективалық міндеттері туралы спикер кеңінен баяндады. Өткен жылы облыс бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы бойынша болжам 107,8 пайызға орындалыпты. Меншікті кірістер болжамынан артық, яғни 4214,7 млн теңге түсіпті.

– Болжамның орындалуы бойынша облыс республика деңгейінде бірінші үштікте. Өткен жылмен салыстырғанда бюджетке кірістер түсімінің өсімі жалпы облыс бойынша 113,7 пайызға қамтамасыз етілді. Меншікті кірістер түсімі 7,0 млрд теңгеге артық орындалды. Ал түсімдердің өсімі бойынша облыс республика бойынша 7-ші орында. 2018 жылғы бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын талдау оны орындаудың жоғары деңгейіне, оның ішінде макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу қарқынына, ұйымдар жұмысының қаржылық көрсеткіштерінің өсуіне және олардың төлем қабілеттілігінің артуына ықпал еткенін көрсетеді. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру деңгейінің жақсаруына, сондай-ақ халықтың нақты ақшалай табысының, жалақының өсуіне әсер етеді, сол арқылы салық салынатын базаның өсуін арттырады. Осыған байланысты тұрғындарда тұрғын үй объектілерін салу, көлік, пәтер сатып алу мүмкіндігі пайда болады, – деді басқарма басшысы.

Облыстың қаржы органдарының қаражаттардың қаржылай ағынын реттеу, қажетті кезеңдерде бюджет қаражатымен қамтамасыз ету және оларды уақтылы игеру міндет болып табылады. 2018 жылы осы жұмыстың, сондай-ақ қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджеттік қаражаттың игерілуі 100 пайызды құраған. Басқа аймақтармен салыстырғанда, Жамбыл облысы қаражаттарды игеру бойынша бірінші бестікте орналасыпты.

– Коммуналдық меншікті тиімді басқару бойынша жұмыстары жақсаруда, оның ішінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша залалмен шыққан кәсіпорындардың саны 6-ға дейін қысқартылып, коммуналдық кәсіпорындардың жалпы санынан 7% құрады, олар бойынша залалдың сомасы 269 млн теңге болды. Бұл ретте, 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштер едәуір жоғары болған, айта кетсем, кәсіпорындар бойынша залал сомасы 1,3 млрд теңге болса, залалмен шыққан кәсіпорындардың пайызы 20% құрады. Мемлекеттік басқару органдарының ведомстволарына бағынысты ұйымдарының қызметіне бақылау жүйесі жасалынды, оның ішінде кәсіпорындардың даму жоспарларын уақтылы жасау, даму жоспарларының орындалу есебін беру, ведомстволарға бағынысты ұйымдар қызметінің нәтижесіне мониторинг жасау сынды жұмыстар жасалынады, – деді Роза Әбдірқызы.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған