Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қару мен қаламды қатар ұстаған

«Ел болып оқимыз» жобасы аясында ерлік сағаты өтті

0 335

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Ел болып оқимыз» жобасы аясында тағылымды іс-шара ұйымдастырды. Шара қазақ халқының мақтанышы, Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен ержүрек қолбасшы, аты аңызға айналған жауынгер, қаламы мен қаруы қатар жүрген ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Қару мен қаламды қатар ұстаған қазақтың қаһарман батыры» атты ерлік сағатын өтті.
Іс-шара Жеңіс саябағындағы «Данқ» залында өтті. Іс-шара барысында оқырмандар музей экспозициясындағы Бауыржан Момышұлының жеке заттары, соғыс жылдарындағы фотосуреттері, қолжазбалары мен сирек кездесетін мұрағаттық материалдармен танысумен басталды. Сонымен қатар, батырдың соғыста жасаған ерліктері мен өткір туындыларымен жан-жақты таныстырып, оқырмандардың бойында патриоттық рухты оятты.
Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға ардақты батырдың шығармалары негізінде жасақталған «Тау тұлға, дара тұлға Бауыржан» атты тұрақты кітап көрмесіне шолу жасап, құнды туындылармен таныстырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.