Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарттарын қадірлеген ел озады

0 199

2020 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Сол айтулы мерекелердің бірі – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын салтанатпен атап өткелі отырмыз.

Осы бағытта Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Тараз қаласындағы соғыс ардагерлері құрметіне игілікті іс-шаралар жалғасын тауып келеді. Солардың бірі Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастауымен әрі қолдауымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып (аула төңірегінде) «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери оркестрінің сүйемелдеуімен әскери бөлімшелер шеруінің өткізілуі бізге деген зор құрмет деп білеміз.

Қазіргі уақыттағы күрделі кезеңге байланысты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығын және Қазақстан халқын сабырға шақыруға арналған Үндеуін түсіністікпен қабылдаймыз. Бізге алаңдауға негіз жоқ.

Сондықтан да дүние жүзінде орын алып отырған індеттің алдын алу жолында отандастарымызды ауызбіршілікке, күнделікті тазалыққа аса маңыз беруге шақырамыз.

Осы бір ауыр жағдай, өтпелі кезеңге қарамастан, Ұлы Отан соғысы ардагерлері құрметіне әскери бөлімшелер шерулерінің өткізілуіне барынша жағдай жасап, атсалысқан Тараз қалалық әкімдігіне, облыстық және қалалық ардагерлер кеңестерінің басшылығына айтар алғысымыз шексіз.

Т.Төребеков, Ә.Бекболатов, М.Бердібаев, Б.Белгібаев,
Е.Жетібаев, М.Ережепбаев, Ә.Сәрсенбиев,
Ұлы Отан соғысының ардагерлері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.