Қалалық қоғамдық-саяси газет

Арнайы жұмыс тобы құрылды

0 116

Еліміздегі әрбір ер азаматтың міндеті – Отан алдындағы борышын өтеу. Жалпы тәуелсіз әрі кең-байтақ елімізді сыртқы жаудан қорғап, болашақ ұрпаққа табыстау – ата-бабадан бері жалғасып келе жатқан аманат десек, қателеспесіміз анық. Иә, елімізде тек бейбіт заман болсын деп тілейік.

Алайда сыртқы жаудан өзге, табиғи апаттар мен зілзалалар, жалпы тілсіз жау болып табылатын от пен су кез келген уақытта пайда болуы мүмкін. Ал мұндай бейбіт замандағы тілсіз жаумен кәсіби түрде күресу – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдеріне тиесілі екендігін біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Елімізде Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 3 әскери бөлім бар. Олар: Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында орналасқан.

Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департ аментінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы облысы, Ұзынағаш қаласы №28237 әскери бөлімін өздерінің Отан алдындағы борышын өтегісі келетін күзгі мезгілдегі әскерге шақырылушы жас буын мен толықтыру үшін сапалы іріктеу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды.

Айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы №124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес іске асырылды.

Әскерге шақырылушыларды жан-жақты зерделеу, әскерге жарамдылығын тексеру мақсатында құрылған комиссия құрамына жеке құрам бойынша инспекциясы, медицина және психолог мамандары тартылды.

Аталған топ мүшелері облыстағы әскери комиссариаттарда үгіт- насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі уақытта ТЖ департаменті осы бағытта Жамбыл облысы бойынша Қорғаныс істер жөніндегі департаментімен тығыз қарым- қатынаста жұмыс атқаруда. Әс- кери бөлімге жолданатын 27 шақырушыны жасақтау үшін 31 наряд брондалды. Оларға жеке тоқталсақ, Тараз қаласынан – 16 адам (4 адам резерв), Жамбыл ауданы-нан – 4 адам, Қордай ауданы- нан – 4 адам, Байзақ ауданынан – 3 адам, Жуалы ауданынан – 2 адам, Т.Рысқұлов ауданынан – 2 адам. Әскер қатарына шақырылушыларға және одан өзге 2 адамға жол жүру билеттері брондалып қойылды. Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылануда.

Аббас СУЛИЕВ, облыстық төтенше  жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.