Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ардагерлер арасында қалалық спартакиада өтті

0 1  125
Таразда Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуғабыл Төребековтің 100 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты ардагерлер арасындағы қалалық спартакиада өтті.
Шараның мақсаты – ерлік пен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеу, ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және олардың өмірлік тәжірибесі мен рухын жас ұрпаққа үлгі ету.
Спартакиаданың салтанатты ашылуына Тараз қаласы мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекқызы, Тілеуғабыл Төребековтің қызы Светлана Тілеуғабылқызы және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Спартакиадада қаладағы ардагерлер ұйымдарынан 8 команда бақ сынасты. Жарыс 9 спорт түрінен: волейбол, үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, ләңгі және дартс бойынша өтті.
Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте І орын – «Ардагерлер орталығы» командасы, ІІ орын – «Ардагер ұстаздар» командасы және ІІІ орынды «Белсенді ұзақ өмір орталығы» командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен, кубоктармен, естелік сыйлықтармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.