Қалалық қоғамдық-саяси газет

Арайлықтар Наурыз мерекесін айрықша атап өтті

0 479

Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесін Тараз қаласындағы «Арай-2» ықшамауданының тұрғындары көршілер болып көңілді атап өтті. Қала әкімдігі ұйымдастырған  шараға №3,4 үйлердің тұрғындары қатысты.

Аулада сахна тігіліп, жан-жақтан жиналған көршілер бір-бірімен наурыз мерекесімен құттықтасса, кішкентай балалар асық, шахмат, тоғызқұмалақ секілді ойындарды ойнауға мүмкіндік алды. Ал ересектер арқан тартып, гір тасын көтеруден өзара мықтыны анықтады.

Сондай-ақ, шара барысында ән айтылып, бишілер мың бұрала биледі. Тұрғындарға дастархан жайылып, көңілді ойындар ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.