Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қара шекпен» – халық жүрегінде

0 281

«Театр – күрделі интеллектуальдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер», – дейді Сағат Әшімбаев.

Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнерді бағалай білген Тараз тұрғындары үшін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театыры қаламызда гастролдық сапарда болды. Сапар аясында «Қара шекпен» әпсанасы, «Маугли» ертегі қойылымы, «Тіл табысқандар» комедиясы көрермез назарына ұсынылды.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының  Үлкен залында жйналған көрермендердің қарасы қалың. Олар Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әпсанасын асыға күтуде. Жаз жайлау мен қыс қыстаудың арасында  жүретін шопандар  өмірінен бастау алатын қойылымда  адамдар  арасында кездесетін  алауыздық, сатқындық, менмендік  секілді іс-әрекеттер  аңдар  бейнесі  арқылы бүкпесіз суреттелетін шығарманың Қоюшы режиссері: А.Наурызбаеваның еңбегі жұрт көңілінен терең орын алды.

«Қара шекпен» спектаклі аяқталғанда көрермендер дүркірете қол соғып, актерлерге деген ықыласын ұзақ білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.