Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қанат Айтбаев «Димаш Лондоннан үй алды» деп ақпарат таратқандарды жазаламақ

0 1  650

Димаш Құдайбергеннің әкесі әншіні Лондоннан үй сатып алды деп ақпарат таратқандарды жазаламақ. Қанат Айтбаевтың айтуынша, танымал адамның атын пайдаланып, хайп жасау – ұят тірлік. Айтбаевтың бастамасын Димаштың фанаттары да қолдап отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалған ақпарат таратушыларға қатысты ойын Қанат Айтбаев Facebook-те білдірді.

«Мынау – жалған ақпарат. Танымал адамның атын пайдаланып, хайп жасау – адамгершілікке жатпайтын ұят тірлік.
Бұл өтірік ақпаратты таратып отырған арна авторы ҚР ҚК 274 бабына сәйкес жауапқа тартылатын болады», – деді Қанат Құдайбергенұлы.

Өнер иесіне Димаштың фанаттары да қолдау білдірді.

Естеріңізде болса, бұған дейін кей ақпарат көздері Димашты Қытайға көшіп кетті, деген еді. Бұған ашуланған әншінің анасы Светлана Айтбаева ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.