Қалалық қоғамдық-саяси газет

Анасына тіл тигізгенді аямады

0 124

WBA, WBC және WBO чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО) баспасөз мәслихаты кезінде IBF титулына ие америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) төбелесіп қалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  kznews.kz сайтына  сілтеме жасап.

Кездесу боксшылардың 6 қараша Лас-Вегастағы жекпе-жегіне арналған еді.

Жиындағы көзарбасу кезінде «Канело» сөзге келіп қалып, америкалықты кеудесінен итеріп жіберді, ал Плант мексикалықты бетінен ұруға тырысты, осылайша, төбелес басталып кетті. Алайда оларды бірден ажыратып алды.

Кейіннен Альварес «твиттерде» жанжал видеосын жариялап, «Анама тіл тигізбе»,- деп жазыпты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.