Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Анаға тағзым» орталығы тараздық қыз-келіншектерге психологиялық көмек көрсетуде

0 461

Тараз қаласының әкімі Е.Жылқыбаев «Анаға тағзым» МКК-ның директоры Э.Мырза-Ғалидің баяндамасы тыңдалды.

Бүгінгі күні орталықта 8 үйірме, 2 клуб пен 2 кеңес беру кабинеті бар. Мекемеде 143 қыз-келіншекке психологиялық және құқықтық тұрғыдан жан жақты көмек көрсетілуде.

Бүгінгі күнге дейін орталықта 45 іс-шара өткізіліп, оған 1000-нан аса адам қатысты. Атап айтқанда, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Анаға тағзым» республикалық форумы, «Әйелдер істері, отбасы-демографиялық саясат» басқосуы, «Бірге талқылайық!», «Достық дастарханы», «Тәуелсіздік жемістері» сынды жобалар мен «Тараз жауһарлары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда мекемеде 18 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде: сала маманы-8, негізгі шығармашылық саласындағы мамандар-7, техникалық қызметкерлер саны-3.

Есепті тыңдаған Ержан Жұматұлы мекеменің алдағы жұмыс жоспарына оң бағасын берді. Сондай-ақ, шаһар басшысы Құмшағал, Шөлдала сынды шет аймақтардан қала орталығына қатынай алмайтын қыз-келіншектер үшін көшпелі іс-шаралар кешенін жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.