Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты. Екеуі жарақат алды деп хабарлады turkystan.kz.
Қазір күдіктілерді ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«4 тамыз күні сағат 16:20-да Ұзынағаш ауруханасына оқ тиген үш адам түсті. Оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Полиция бірден мән-жайды анықтап, аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кірісті. Қазір оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдын ала анықталғандай, кикілжің жергілікті тұрғындардың арасында болған», – деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.