«Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан ашылған Тараз қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына (әйелдерге) әлеуметтік кеңес беру кабинеті Тараз қаласы, Қарахан көшесі, №1 үйдің бірінші қабатында орналасқан.
Тәулік бойы сенім телефоны арқылы /анонимді/, психологиялық және құқықтық көмек көрсетеді. Сіз кез келген уақытта хабарласып немесе кабинетке келіп, тегін және жасырын көмек түрлерін ала аласыз.
Сенім телефоны: 8 707 747 48 49; 8 708 590 96 02