Зияткерлік күні

Наурыз мерекесіне арналған қала әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарының негізінде «Зияткерлік күніне» орай оқушылар арасында патриоттық, рухани-адамгершілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында жырлар мен эпостарды мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Қазақстан жазушылар одаының мүшесі, бірқатар облыстық, республикалық жыр-мүшәйраларның жүлдегері Ахмет Баймахамбет, білім бөліміның басшысы Раушан Қожамжарова, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Жасөспірімдердің ой-өрісін жетілдіріп, қабілетін дамытатын байқауға қаламыздағы 60 мектептен 4-11 сынып оқушылары қатысып, 21 оқушы үздік деп танылды. Өткізілген мәнерлеп оқу байқауының жүлделі I,II, III орынды иеленген жеңімпаздарды білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова марапаттаса, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірқатар облыстық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері Ахмет Баймахамбет жарысқа қатысқан оқушыларды алғыс хатпен марапатады.

Лаура АБАЙҚЫЗЫ

Comments (0)
Add Comment