Өзіне назар аудармақ болған: Өскемендік азамат ғимаратты террористер басып алды деп тұрғындарды шулатты

Өскенменде “ғимаратты террористер басып алды” деп полиция шақыртқан ер азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәлім етті.

«102» жедел арнасына жергілікті тұрғын қоңырау шалған. Өз сөзінде ол шаһардағы ғимараттардың бірін террористер басып алғанын жеткізді. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел келіп жеткен. Алайда бұл хабар шындыққа жанаспайтын болып шықты”, – деді полиция басқармасының өкілдері.

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқа адамды бірден анықтаған. Полиция мәліметінше, ол мас болған.

“Ол Өскеменнің 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам мас болғандықтан және өзіне назар аудару үшін қоңырау шалғанын айтты. Оған қатысты арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша іс қозғалып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды”, – дейді ПБ басшысы Андрей Мула.

Comments (0)
Add Comment