Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханада композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық әртісі Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдығына орай «Жыр мен күйдің құлагері» атты өнер кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – композитордың ұлттық музыка өнеріндегі айрықша орнын таныту, оның шығармашылық мұрасын насихаттау және жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кеш барысында Ахмет Жұбановтың ғибратты ғұмыры мен бай шығармашылық мұрасы жан-жақты таныстырылып, оның қазақ музыка өнерін дамытуға қосқан зор үлесі кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, композитордың әйгілі күйлері орындалып, қатысушыларға терең рухани әсер беріп, ұлттық өнерге деген құрмет пен қызығушылық артты.