Жыр алыбының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

28 ақпан – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күні. Осыған орай ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев, өңірлік, қалалық ардагерлер мен Қоғамдық кеңестің төрағалары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым, жоғары оқу орындарының басшылары мен қоғам белсенділері қатысты.
Жиналғандар жыр алыбының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен қатар, тұлға рухына тағзым етті.
Иә, бұл, сөз жоқ, өткенге құрмет, келер ұрпаққа үлгі-өнеге.

Лаура АБАЙҚЫЗЫ

Comments (0)
Add Comment