Жылжымайтын мүліктің мекенжайы қалай беріледі?

Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі «Жылжымайтын мүлік обьектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

«Жылжымайтын мүлік обьектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Астана, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жылжымайтын мүлік объектісінің тұрақты мекенжайын беру/жою жүзеге асырылады.
Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті құжаттармен қоса жолдайды. Қызметтің көрсетілу мерзімі:
– қалалар үшін – 3 (үш) жұмыс күні;
– аудандар үшін 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нысаны толығымен автоматтандырылған, яғни электронды түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Қызметтің қорытындысы, яғни қызмет көрсетілгені немесе бас тартылғаны туралы ақпарат әр азаматтың «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарландыру ретінде келіп түседі.
Осы заңдарға сілтемені төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы толық көре аласыздар.

А.АЛИМБЕТОВА,
Тараз қаласы әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесінің
басшысы

Comments (0)
Add Comment