Кеше Тараз қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі бөлімінің маманы Шади Абдрахманұлының қатысуымен Рысбек батыр көшесі, №6 «А» үйінің тұрғындарымен кездесу өтті.
Жиын барысында тұрғындар тозығы жеткен жертөле құбырларына шағымданды.
– Жертөлені бүрге басып кеткендіктен, ол жерге кіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Ал құбырлардың тозығы жеткендіктен, қыстыгүні жылусыз қаламыз ба деген қорқыныш басым, – дейді тұрғындар.
Шади Абдрахманұлы өз кезегінде әуелі бүргелердің көзін жойған соң құбырлар жөнделетінін әрі бұл жұмыстарды жылыту маусымы басталғанша аяқтайтындарын жеткізді.
Нұрперзент Туғанбай