Жылыту маусымына дайындық қалай?

Биылғы жылыту маусымына дайындық шараларын 15 қазанға дейін аяқтау қажет екені белгілі. Сол себепті қазандықтардың, жылу, электр, су, газ желілерінің, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдениет нысандары мен тұрғын үйлердің дайындығы 1 тамыздан басталған болатын.

сал топтарға жататын 6 мың 919 отбасы есепке алынды. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар, «ҚазТрансГазАймақ» ЖӨФ АҚ өкілдері, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 1712 осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлерінде профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде 627 үйде 1156 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы орын алып, 587 үйде анықталған бұзушылықтар профилактикалық жұмыстар барысында толық жойылды.
Аз қамтылған отбасыларына электр жүйелері мен жылыту пештерін жөндеу, тұрғын үйлерде улы газды анықтайтын автономды датчиктерін орнату шараларына ерекше назар аударылып, тұрақты бақылауға алынды. Ағымдағы жылы осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлерінде 1204 датчик, оның ішінде 120 улы газ датчигі және 1084 табиғи газ датчигі орнатылды.
Биыл 1 тамыздан бастап жеке тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу мақсатында ақпарат агенттіктерінің, облыстық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өтіп, халыққа түсіндіру жұмыстары да ұдайы жүргізіледі. Айталық, бұқаралық ақпарат құралдарында өртке қарсы тақырыпта телеарналарда – 29, баспа басылымдарын- да – 113, радиода – 27. Интернет ресурстарында және әлеуметтік желілерде 37 материал жарияланды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі тақырыбында 21 билборд және 3 баннер орнатылды. Сауда орталықтарында, ХҚКО-да және телевизиялық экрандарда, сондай-ақ «Авторадио FM»-де өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескерту ұйымдастырылды.
Пәтер иелері кооперативтері өкілдері, газ-электр шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп, халық арасында 150 жиын ұйымдастырылып, 2755 тұрғынға кеңестер берілді. Аталған іс-шара барысында электр жабдықтарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, тұрғындардың тілсіз жауға қарсы нормалар мен тұрғын үй-жайларда жылу беру пештерін, газ баллон қондырғыларын орнату және ұстау кезіндегі талаптарды сақтау бойынша халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 13 768 дана жадынамалар таратылды. Тұрғын үй ұйымдарының басшыларымен көппәтерлі тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша 2 оқыту семинары ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылы облыс аумағында білім беру және әлеуметтік сала объектілерінде норманы бұзып орнатылған 21 ғимараттан жылу қазандықтары қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба береді.

Жомарт СӘДІРМЕКОВ, облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі

Comments (0)
Add Comment