Жылыту маусымы салғырттықты көтермейді

Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Өрт сөндіру қызметі, «QasaqGaz Aimaq» АҚ мамандары, полиция қызметі және еріктілермен бірлесіп, ГРЭС ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жылыту маусымында қатты отынмен немесе табиғи газбен жұмыс істейтін қазандықтардың мұржаларын уақытында тазарту қажеттілігі туралы алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Жылыту маусымы – өрт шығу ықтималдығы әдеттегіден әлдеқайда көп болатын кезең. Әсіресе қыс мезгілінің келуімен күн сайын ауа райы суытып, халық жылыту қазандықтарын пайдалана бастаған кезде қауіп артады. Көптеген адамдар өртті кездейсоқ құбылыс деп санайды. Алайда өрт – бұл кенеттен болатын құбылыс емес, ол немқұрайлықтан және өрт қауіпсіздігі ережелерін білмеуден туындайды. Егер өрт қауіпсіздігі ережелері жүйелі түрде орындалса, осындай жағдайлардың алдын алуға болады.

Еркін САЙЫН

Comments (0)
Add Comment