Жылы жүректен

Аудандық мәдениет үйінде «Жылы жүректен» атты тақырыпта іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың туа бітті өнерлерін көрсете отырып, олардың өмірге деген құлшыныстарын арттыру, кедергісіз кеңістікте өмір сүріп жатқандарын ұғындыру, жандарына демеу болып қуаныш сыйлау және басқа оқушыларды осы арқылы еңбекқорлық пен қанағатшылдыққа тәрбиелеу болып табылды.

Іс-шараны аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Бақтиярова Зәуреш Тоқтарқызы ашып, ізгі тілегін жеткізді.

Концертке «Нұр-бала» шағын орталығының тәрбиеленушілері арнайы шақырылып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән-шашуларын жолдап, ойын-сауық ұйымдастырды. Сонымен қатар, концерт қонақтары да өз өнерлерін сахна төрінде көпшілік назарына ұсынып, ән айтып, би биледі. Өнерін бағалаған ұйымдастырушылар талант иелеріне мәдениет үйінің атынан сый-сияпат берді.

Іс-шара соңында аталмыш орталық директоры Әсел Дүйсекеева  жеке кәсіпкер Нұржан Таласұлына  және концерттік бағдарламаны ұйымдастырған мәдениет үйінің қызметкерлеріне алғысын айтты. Сондай-ақ орталықта тәрбиеленушілердің ата-аналарына ризашалығын жеткізіп, отбастарына амандық, дендеріне саулық тіледі.

Comments (0)
Add Comment