Тараз қаласында тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Айталық, Тараз қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша атқарылатын жұмыстардың 2023-2025 жылдарға арналған үш жылдық жол картасы әзірленді. Оған сәйкес, 2 магистралдық және 9 ішкікварталдық жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жалпы ұзындығы 6138,66 метр болатын М-1 магистралдық жылу желісін қайта жаңғыртудан өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) түзету енгізіліп, кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 10 756 млн теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған, жалпы ұзақтығы 9,5 ай.
Бүгінгі таңда республикалық бюджеттен 9 608 млн теңге және облыстық бюджеттен 1 067 млн теңге қаржысы сұралып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ал жалпы ұзындығы 1360 метр болатын М-3 магистралдық жылу желісін қайта жаңғыртудан өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) түзету енгізіліп, қазіргі таңда, жоба сараптамадан өтуде (берілген ескертулер дереу қаралып, жауаптары берілді). Сараптама қорытындысын алу 2023 жылдың қыркүйек айының басына жоспарланған.
Сонымен қатар, тозығы жеткен 9 ішкікварталдық («Мыңбұлақ» (9), «Самал» (7), «Алатау» (8), «Жансая» (11), ТК-128, ТК-209, ТК-512, ТК-507, ТК-414) жылу желілерін қайта жаңғыртудан өткізу мақсатында ЖСҚ әзірлеуге және одан ары ведомстводан тыс сараптамадан өткізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, «Бақыт таңы» ЖШС-гі («Мыңбұлақ» (9), «Самал» (7), «Алатау» (8), ТК-209, ТК-512, ТК-507, ТК-414) және «Құрылыс инвест жоба» ЖШС-рі («Жансая» (11), ТК-128) жеңімпаз болып анықталды. Бүгінгі таңда, мердігер серіктестіктермен келісім-шарт жасалып, бастапқы деректері жинақталып, ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталды. Жобалардың сараптама қорытындысын алу 2023 жылдың қараша айының соңына жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған.
«Ұлы Дала» (15) мөлтек ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу жүйесіндегі мәселелерін реттеу мақсатында аталған аудан аумағынан насостық станцияның құрылысын жүргізу бойынша «Құрылыс инвес жоба» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жоба сараптаманың оң қорытындысын алды.
Қазіргі таңда, объектілік төтенше жағдай жарияланып, құрылысын жүргізетін мердігер «Строй Монтаж Group» ЖШС-мен келісім-шарт жасау жоспарлануда.