Жылдамдықты 44 рет асырып, жол ережесін бұзған

Қордайда өткен рейд барысында әкімшілік полиция қызметкерлері жылдамдықты 44 рет асырып, жол ережесін бұзған қырғызстандық мемлекеттік тіркеудегі «BMW X5» көлігінің жүргізушісін тоқтатты. Айыппұл сомасы 1 млн 255 мың теңгені құрады.

Барлық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері Қордай ауданында орнатылған «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы тіркелді. Ер адам барлық айыппұлды төледі.

Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушілердің жылдамдықты шектен асырып жіберуі немесе жол жағдайын сақтамауы жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып табылатынын, соның салдарынан жыл сайын жүргізушілер, жолаушылар мен жаяу жүргіншілер қаза тауып, зардап шегетінін еске салады.

Comments (0)
Add Comment