Жылан жылының жарқын оқиғалары

(жалғасы)

73.Дарабоз Ұлбике ақынның (Жанкелдіқызы) туғанына 200 жыл (1825-1849);
74.Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан (шын есімі Мұхаммед Қанафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл (1835-10.04.1865 ж.). Туған жері Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы;
75.Әйгілі әнші, композитор, ақын Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 190 жыл (30.06.1835-1929 ж.ж.). Туған жері Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің жағасындағы Ақшоқы алқабы;
76.Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, драматург, Алаш арыстарының бірі Сыдық Аблановтың туғанына 180 жыл (1845-1938 ж.);
77.Бұрынғы Верный (қазіргі Алматы) қаласын көгалдандыруға белсене атсалысқан қоғам қайраткері Медеу Пұсырманұлының туғанына 175 жыл (1850-1908 ж.ж.). Қаладағы «Медеу» мұз айдыны Медеу Пұсырмановтың есімімен аталады. Алматы облысы Жамбыл ауданында туған. 1906 жылы М.Пұсыманов Меккеге қажылыққа барған. Қаладағы түрлі қайырымдылық істерге белсенді қатысқан. 58 жасында қайтыс болған.;
78.Ұлтымыздың айтулы композиторы, белгілі әнші әрі ақын-импровизатор, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының туғанына 165 жыл (1860-1930 ж.ж.);
79.Халық ақыны, жырау, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл (20.06.1860-09.04.1945 ж.);
80.Қазақтың алғашқы заңгері, мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, демократ Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаевтың туғанына 165 жыл (1860-1934). Ол Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Ақбақай ауылында дүниеге келген. Әбілхайыр ханның шөбересі. Орынбор гимназиясын, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірген;
81.Халық ақыны, әнші-композитор, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Шашубай Қошқарбайұлының туғанына 160 жыл. Ол 1865 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қоңырат ауылында туған. 04.05.1952 жылы қайтыс болған;
82.Діндар-ақын, фольклоршы, көрнекті Алаш қайраткері Ғұмар Қараштың туғанына 150 жыл (1875-1921). Шариғатты өлеңмен жазған ақын. Қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген;
83.Атақты әнші, сазгер Мәди Бапиұлының туғанына 145 жыл (1880-01.02.1921 ж.ж.);
84.Ұлт ұстазы хакім Абайдың кіші ұлы, Алаш арыстарының сенімді серігі болған, жазушы, ақын, әдебиеттанушы, шебер аудармашы, қазақ әдебиетіндегі естелік жанрының бастауында тұрған Тұрағұл Абайұлының туғанына 150 жыл (1875-1934 ж.ж.). Ол қазіргі Абай облысы, Абай ауданында туған. 1922 жылы «Әкем Абай туралы» атты естелік жазған. Дж.Лондон, М.Горький, А.Неверов, Г.Сперанский сынды бірқатар әлем және орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын аударған. 1928 жылы Шымкент қаласында жер аударылып, сол жақта қайтыс болған;
85.Алаш арыстарының бірегейі, қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының қайтыс болғанына 90 жыл (25.11.1885-05.10.1935). 49 жасында «халық жауы» ретінде атылып кеткен;
86.Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы Ағыбай батырдың (Қоңырбайұлы) қайтыс болғанына 140 жыл (1802-1885). Ағыбай батыр Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерде жерленген;
87. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт еркіндігі үшін күрескен Алаштың арда ұлы Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл (25.12.1890-27.12.1941);
88. Әнші, ақын, композитор, Сыр өңірінің қайталанбас өнер дарабозы Нартай Бекежановтың туғанына 135 жыл (26.03.1890-17.12.1954ж.ж.) Ол Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған;
89.Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл (24.11.1895-10.03.1953 ж.ж.);
90. Халық ақыны, жыршы, дүлдүл әнші, композитор, актер, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің кавалері Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл (03.10.1900-03.11.1946 ж.ж.);
91.Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаштың ардақты ұлы Смағұл Сәдуақасовтың туғанына 125 жыл (1900-1933 ж.ж.). Ол Көкшетау облысы, Ақжар ауданы, Жарқын ауылында туған;
92.Бергілі қоғам қайраткері, атақты жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл (13.04.1900-18.04.1973 ж.ж.);
93.Қазақ опера және балет театрының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық артисі, айтулы театр және кино актері, режиссер, өнер дүлдүлі атанған Қанабек Байсейітовтың туғанына 120 жыл (15.03.1905-19.03.1979 ж.ж.);
94.Қазақ халқының біртуар ұлы, даңқты командир, Кеңес Одағының Батыры, жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл (24.12.1910-10.06.1982 ж.ж.);
95.Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Fылым Академиясының академигі Төлеген Тәжібаевтың туғанына 115 жыл (1910-1964 ж.ж.). Т.Тәжібаев Қазақ ССР-інің тұңғыш Сыртқы істер министрі болған және БҰҰ Бас Ассамблеясының мәртебелі мінберінен сөз сөйлеген ең алғашқы қазақ дипломаты. Ол Халық ағарту комиссары, ҚазМУ-дың ректоры, КСРО-ның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі II-IV шақырылымдарының депутаты. Т.Тәжібаев БҰҰ Бас Ассамблеясының Қамқорлық жөніндегі комитетіне төрағасы қызметін атқарған;
96.Көрнекті әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, сыншы-ғалым, Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаевтың туғанына 115 жыл (1910-09.06.1995 ж.ж.). М.Қаратаев ұлы Абай шығармаларын 30 жылдай зерттеген ғалым және 1974 жылы оған «Шығар шың алда» кітабы үшін ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілген;
97.Кеңес Одағының Батыры, КСРО Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, жазушы, әдебиет зертеушісі, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, запастағы полковник, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл (15.11.1915-02.01.1973 ж.ж.). М.Ғабдуллин еліміздегі Кеңес Одағының Батыры және КСРО Ғылым Академиясының академигі атағын алған жалғыз тұлға;
98.Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ ССР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы, қазақ халқының ұлтжанды перзенті Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің туғанына 110 жыл (20.03.1915-18.11.1986 ж.ж.). Ол Ақмола облысы, Аршалы ауданында туған. Ж.Тәшенов – республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына аса үлкен еңбек сіңірген мемлекет қайраткері. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берген. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шыққан. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға тікелей қарсы болған. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергені үшін Алматының ортасында «қазақ ауылын» құрды деп айыпталған. «Қазақ әдебиеті» газетін жабудан, «Социалистік Қазақстан» газетін «Казправданың» аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалған. «Ұлтшыл» деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен Қазақстанның солтүстігіндегі бес облысты алмақшы болған ұсынысына қарлысылық білдіргені үшін қызметінен босатылған. Шымкент қаласында жерленген;
99.Жазушы-романист, «Көшпенділер» трилогиясының авторы, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлтымыздың аяулы қаламгері Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл (10.01.1915-05.10.1983 ж.ж.);
100.Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссеры, Қазақстанның Халық артисі, профессор, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерінің кавалері Асқар (Әлиасқар) Тоқпановтың туғанына 110 жыл (1915-1994 ж.ж.);
101.Қазақстанның және КСРО-ның Халық артисі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, аса дарынды театр және кино актері, талантты режиссер Шәкен Аймановтың қайтыс болғанына 55 жыл (15.02.1914-23.12.1970 ж.ж.);
102.Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың туғанына 105 жыл (15.12.1920-31.07.1944 ж.ж.);
103.Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қаһарман жауынгер Төлеген Тоқтаровтың туғанына 105 жыл (19.12.1920-09.02.1942 ж.ж.);
104.Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1978 ж.), Қазақстанның Халық жазушысы (1985 ж.), дарабоз ақын Жұбан Молдағалиевтың туғанына 105 жыл (05.09.1920-06.10.1988 ж.ж.);
105.«Қазақ дикторларының анасы» атанған қазақтың тұңғыш телевизия дикторы Зұлқия Мұқатқызы Жұматова 105 жаста (20.02.1920 ж.);
106.Қазақ меценаты және қазақта Паң атанған жалғыз қазақ, аса ірі көлемді бай, ұлттық этнографияны жаңартуға үлкен ықпал еткен Паң Нұрмағамбеттің (Нұрмағамбет Сағынайұлы) қайтыс болғанына 100 жыл (1848-26.12.1925 ж.ж.). Әкесінің құрметіне арналған үш жүздің басы қосылған атақты Сағындайдың асын өткізген тарихи тұлға және төрт рет қажылыққа барған, ауылында мешіт тұрғызған. Паң Нұрмағамбет Алаш көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басқарған ұлт ісіне қаржылай көмек көрсеткен ұлтжанды жан;
107.Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері Жәнібек Ақатұлы Елеуісовтің туғанына 100 жыл (20.06.1925-21.04.1972 ж.ж.). Ол жоғары атақты 1943 жылы Днепр өзенінен өту кезіндегі жойқын ұрыстарда жалғыз өзі төрт тәулік бойы неміс фашистеріне станокты плуеметпен қарсы тұрған ерен ерлігі үшін алған. Соғыстан кейінгі жылдары Шығыс Қазақстан, Гурьев (қазіргі Атырау) және Жамбыл облыстарында қызмет атқарған. Тараз қаласындағы «Жасыл кілем» зиратында жерленген;
108.«Даланың алтын дауысы» атанған қайталанбас дүлдүл әнші, актер, ұлт мақтанышы Әміре Қашаубаевтың Парижде ән салғанына 100 жыл (ЕХРО көрмесі, 1925 жыл, тамыз айы). Ол Франция астанасында «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Жалғыз арша», «Қос балапан» сынды әндерді аса жоғары шеберлікпен орындап, 2-ші бәйгеге ие болып, күміс медаль алған. Атақты Ромен Ролан Әміренің дауысы мен әншлігі туралы: «Мен Шығыста әншіні неге бұлбұлға теңегенін енді түсіндім», – деген екен;
109.КСРО және Қазақстан Республикасының Халық артисі, Халық Қаһарманы, әйгілі күйші-композитор, дәулескер домбырашы, даңқты дирижер Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туғанына 100 жыл (01.04.1925-15.11.1998 ж.ж.). Ол Алматы болысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында туған. Өз аманаты бойынша Ұзынағаш ауылындағы жыр алыбы Ж.Жабаевтың қасына жерленген;
110.Алаш арысы, қазақ жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың қайтыс болғанына 100 жыл (1902-1925 ж.ж.);
111.Қазақ вальсінің королі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл (15.08.1930-29.02.1992 ж.ж.);
112.Қазақтың айтулы қаламгері, Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл (12.05.1930-09.11.1993 ж.ж.). Ол Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қарлығаш ауылында туған;
113.Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Санжар Оразұлы Жандосовтың туғанына 95 жыл (29.01.1930-12.08.1992 ж.ж.);
114.Абайтанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы 95 жаста (09.05.1930 ж.ж.);
115.Қазақтан шыққан тұңғыш антрополог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Оразақ Сұтағұлов 95 жаста. Ол 1930 жылы Қостанай облысында туған;
116.Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ ССР-і Денсаулық сақтау экс-министрі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ тамақтану академиясының Құрметті президенті Төрегелді Шармановтың туғанына 95 жыл (19.11.1930-25.05.2024 ж.ж.);
117.Қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, КСРО Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бұрынғы бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы міндетін атқарған Ұзақ Бағаевтың туғанына 95 жыл (16.10.1930-28.07.1973 ж.ж.). «Еңбек қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Ұ.Бағаев 43-ақ жыл өмір сүрген;
118.Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы қаласының бұрынғы әкімі және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, ұлтымыздың қадірі биік перзенті Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болғанына 20 жыл (15.01.1944-12.11.2005 ж.ж.);
119.Айтулы дарабоз ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза-Әлінің туғанына 90 жыл (5.01.1935 ж.-24.01.2011 ж.);
120. Қазақтың біртуар, аса дарынды ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл (20.03.1935-10.10.2011 ж.ж.);
121.Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 85 жаста (24.06.1940 ж.);
122. Тарихшы, жазушы, қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 85 жаста. Ол 1940 жылдың 2 ақпанында Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында туған;
123.Атақты композитор, әйгілі эстрада әншісі, Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевтың туғанына 85 жыл (13.02.1940-30.04.2024 ж.ж.);
124.Аса белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақовтың туғанына 85 жыл (17.11.1940-23.11.2018 ж.ж.);
125.Жазушы, драматург, сыншы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы мен М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты Сәбит Айтмұханұлы Досановтың туғанына 85 жыл (12.01.1940-31.03.2024 ж.ж.);
126.Қазақ жастары арасынан Италияның атақты Ла-Скала опера театрында білім алған тұңғыш опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Амангелді Сембиннің туғанына 80 жыл (09.05.1945-2005 ж.ж.). Ол Жамбыл облысы, Сарысу ауданында туған;
127.Қазақстанның Халық артисі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, аса дарынды кино және театр актері Құман Тастанбековтің туғанына 80 жыл (10.03.1945-17.12.2017 ж.ж.). Ол Алматы облысы, Сарқан ауданында туған;
128.Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры, атақты опера әншісі Шахимардан Әбілов 75 жаста(22.04.1950 ж.);
129.Журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Намазалы Омашев 75 жаста (19.01.1950 ж.);
130.Халқымыздың айрықша сүйіспеншілігіне ие болып, қазақтың күміс көмей әншісі атанған Мәдина Ералиеваның дүниеден өткеніне 25 жыл (02.07.1954-27.11.2000 ж.ж.);
131. Талантты кино актері Талғат Нигматуллиннің қайтыс болғанына 40 жыл (05.08.1949-21.02.1985 ж.ж.);
132.Қазақтың арда ұлы, қаратэден «қара белбеу» иегері, Тәуелсіз Қазақстанда каратэ күресінің негізін салған Мұстафа Өзтүріктің өмірден өткеніне 30 жыл (қараша 1954-15.03.1995 ж.ж.);
133.Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, медицина ғылымдарының кандидаты, Тараз қаласының Құрметті азаматы Гүлдара Алданышқызы Нұрымова 60 жаста (25.01.1965 ж.);
134.Футболдан КСРО Ұлттық құрма командасы сапында ойнаған халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, даңқты футболшы Сейілда Байшақовтың туғанына 75 жыл (28.08.1950-12.07.2023 ж.ж.);
135.Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының бұрынғы төрағасы, қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайымов 60 жаста (13.05.1965 ж.) Ол Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында туған.
136.Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Бименде Садуақасовтың туғанына 110 жыл (9.05.1915-29.09.1983 ж.ж.);
137.Мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған Төребай Ақжолұлы Ақбозовтың туғанына 115 жыл (10.08.1910-25.08.1973 ж.ж.);
138.Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры Семен Архипович Ларионовтың туғанына 110 жыл (1915 ж.). Ол Қызыл әскер қатарына Жамбыл облысы, Байзақ ауданынан шақырылған;
139.Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының Құрметті азаматы, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің бұрынғы төрағасы Тілеуқабыл Төребековтің туғанына 100 жыл (17.04.1925-31.07.2021 ж.ж.);
140.Қоғам қайраткері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 9-10 шақырылымдарының экс-депутаты, Меркі, Шу және Сарысу аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы болған Нұрғали Торғаевтың туғанына 95 жыл (05.11.1930-12.03.1993 ж.ж.);
141.Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұзақ жылдар Жамбыл облысы спорт комитетін басқарған спорт ардагері Ермаш Бұзауовтың туғанына 90 жыл (8.03.1935-2.02.2004 ж.ж.);
142.Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Красногор және Луговой аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған Әлмұхан Әбдірахманұлы Исақтың туғанына 85 жыл (10.04.1940-24.03.2011 ж.ж.);
143.Техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының бұрынғы ректоры Өскенбай Қабылбекұлы Мәдиевтың туғанына 80 жыл (17.06.1945 ж.);
144. «Құрмет белгісі» орденінің кавалері, қаржы-экономика саласының майталман маманы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған Жұмабек Сапаралиевтің туғанына 85 жыл (20.09.1940-08.12.2003 ж.ж.);
145.«Химпорм» өндірістік бірлестігінің бұрынғы бас директоры, КСРО-ның Құрметті химигі, Қазақ ССР-і Жоғары Кеңесінің 11-12 шақырылымдарының депутаты, Тараз қаласының Құрметті азаматы, Жамбыл облысында химия өндірісін дамытуға айрықша үлес қосқан Мұқан Жұмағалиұлы Атабаевтың туғанына 85 жыл (20.04.1940-28.12.2007 ж.ж.);
146.Беліглі жазушы, айтулы журналист Кәрібай Ахметбекұлының туғанына 85 жыл (12.02.1940-2005 ж.ж.). Ол Жамбыл облысы, Сарысу ауданында туған.
147.Жамбыл облысының Шу, Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарының Құрметті азаматы, Шу аудандық партия комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Халил Бейсеевтің туғанына 85 жыл (22.03.1940-18.05.2024 ж.ж.);
148.Жамбыл облысы мен Қордай ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері, қоғам белсендісі Төле Аманжолұлы Сүгірбаев 85 жаста (05.12.1940 ж.);
149.Мойынқұм ауданы партия комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы, мемлекеттік қызмет ардагері Қапан Рахымбердиевтің туғанына 85 жыл (01.05.1940-05.01.2017 ж.ж.);
150.Облыстық «Знамя труда» газетінің бұрынғы бас редакторы Владимир Петрович Козыренконың туғанына 85 жыл (02.06.1940ж.ж.);
151.Есімі елге кеңінен мәлім жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Елен Әлімжан 80 жаста (18.06.1945 ж.ж.);
152.Белгілі ақын, «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова 80 жаста (01.01.1945 ж.);
153.Жамбыл облысы мен Талас ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Кеңесхан Ахаевтың туғанына 80 жыл (20.06.1945-14.08.2015 ж.ж.);
154.Қазақстан Республикасы денсаулық саласының үздігі, Жамбыл облысының және Талас ауданының Құрметті азаматы Амантай Біртановтың туғанына 80 жыл (07.03.1945-07.12.2011 ж.ж.). Ол Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген;
155.Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Жамбыл және Аламаты облыстарының бұрынғы әкімі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Серік Әбікенұлы Үмбетов 75 жаста (19.06.1950 ж.);
156.Мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, генерал-лейтенант Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев 75 жаста (01.09.1950 ж.);
157.Айтулы ақын, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың, Қазақстан Жазушылар Одағының М.Мақатаев және халықаралық Ж.Жабаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтовтың туғанына 75 жыл (22.09.1950-16.10.2023 ж.ж.);
158.Нобель сыйлығының лауреаты атағын алған тұңғыш қазақ ғалымы Достай Төлемішұлы Раманқұлов 65 жаста. Ол 1960 жылы Түркістан қаласында туған. Бүгінде Вена қаласында тұрады. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін бітірген. Нобель сыйлығына 1998 жылы МАГАТЭ ұйымында қызмет істеп жүрген кезінде қол жеткізген. Ол бұрын Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы жөніндегі Агенттігінде және Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде қызмет атқарған.
159.Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы, Байзақ және Шу аудандарының бұынғы әкімі Қожахан Жабағиев 65 жаста (30.11.1960 ж.);
160.Мемлекеттік қызмет ардагері, Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай 65 жаста (11.04.1960 ж.);
161.От ауызды, орақ тілді айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың туғанына 50 жыл (15.11.1975-30.11.2004 ж.ж.);
162.Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы (2000 ж.), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, жиырма жасында өмірден озған боздақ боксшы Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл (04.04.1980-31.12.2000 ж.ж.) және Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алғанына 25 жыл;
163.Қазақстанда 200 метрге брасс тәсілімен жүзуден шыққан тұңғыш Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин 30 жаста (04.04.1995 ж.);
164.Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы денсаулық саласының үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағындық Ордабеков 75 жаста (12.01.1950 жыл);
165.Қоғам қайраткері, ғалым, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университитінің бұрынғы ректоры Әшімжан Сүлейменұлы Ахметовтың туғанына 75 жыл (23.02.1950-15.09.2012 ж.);
166.Жамбыл облыстық мәслихатының экс-депутаты, Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, КСРО тұтыну кооперациясы саласының үздігі Қаржаубай Бекболатовтың туғанына 75 жыл (01.03.1950-09.07.2020 ж.ж.);
167.Свердлов (қазіргі Байзақ) аудандық партия комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы, Луговой (қазіргі Т.Рысқұлов) ауданының бұрынғы әкімі Үсіпәлі Арынұлы Халиев 75 жаста (15.03.1950 ж.);
168.Жамбыл облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Елубай Абдуллаұлы Орынбаев 75 жаста (24.01.1950 ж.);
169. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ең алғашқы қолбасшысы, генерал-майор Әлихан Бірімжанұлы Жарболов 70 жаста (18.06.1955 ж.);
170.Мемлекеттік қызмет ардагері, Жамбыл облысы мен Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Масат Әшімұлы Берік 70 жаста (02.05.1955 ж.);
171.Мемлекеттік қызмет ардагері, Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары, Тараз қаласының Құрметті азаматы Күлімхан Майлыбекқызы Тоғызбаева 70 жаста (10.11.1955 ж.);
172.Мемлекеттік қызмет ардагері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Әлімқұл Маметәліұлы Тұрысов 70 жаста (26.08.1955 жыл);
173.Еліміздегі химия саласын өркендету ісінің ардагері, техника ғылымдарының кандидаты Төлепбек Әділбекұлы Исаев 70 жаста (28.02.1955 ж.);
174.Айтыстың ақтаңгері, ардагер ақын Шорабек Айдаров 70 жаста (1955 ж.);
175.Мемлекеттік қызмет ардагері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Лесбек Шәйменұлы Егембердиев 70 жаста (1.08.1955 ж.);
176.Белгілі журналист, қоғам белсендісі, облыстық «Знамя труда» газетінің бұрынғы бас редакторы Бекет Әбілдаұлы Момынқұлов 70 жаста (25.05.1955 ж.);
177. Мемлекет және қоғам қайраткері, Қостанай облысының әкімі, Жамбыл облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Құмар Іргебайұлы Ақсақалов 60 жаста (24.08.1965 ж.);
178.Ұлттық Медицина Ассоциациясының «Алтын дәрігер» атағының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау ісінің үздігі, Қазақстандағы алғашқы денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы – «Экомед» емханасының (18.03.1995 ж. ашылған) негізін қалаушы және жетекшісі Салтанат Берденқызы Байқошқарова 60 жаста (01.02.1960 ж.);
179.Самбо күресінен Әлем Кубогінің иегері, КСРО Халықтары спартакиадасының чемпионы, қазақ күресінен Жазылбек Қуанышбаев атындағы турнирдің алғашқы түйе палуаны Сәлкен Жартыбаев 60 жаста (29.03.1965 ж.);
180.Белігі ақын, тележүргізуші, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ғайни Әлімбекқызы 60 жаста (09.06.1960 ж.);
181.Айтулы айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Мұхамеджан Тазабеков 50 жаста (25.06.1975 ж.);
182.Жамбыл облыстық мәслихатының 6-8 шақырылымдарының депутаты, белгілі кәсіпкер Алтай Мақсұтұлы Райқұлов 65 жаста (30.04.1960 ж.);
183.Әлемдік деңгейдегі даңқты фтуболшы, атақты бапкер Франц Беккенбауердің туғанына 80 жыл (11.09.1945 жыл);
184.Атақты футболшы Лионель Мессидің 18 жасында Аргентина Ұлттық құрама командасы сапында тұғыш рет шыққанына 20 жыл (2005 жыл);
185.Футбол королі, әлемнің үш дүркін чемпионы, футбол тарихында 1000 гол соққан ХХ ғасырдың ең үздік ойыншысы (1 363 ойында 1 281 гол соққан) Пеленің (Эдсон Арантис ду Насименту) туғанына 85 жыл (23.10.1940- қаңтар 2023 ж.).

ЕСКЕРТУ: бұл мәліметтерге аттары аталмай қалған атақты адамдар мен белгілі тұлғалардың кірмей қалуы әбден ықтимал. Сондықтан, оған үлкен түсінікпен қараған абзал.

Жинақтап, құрастырған мемлекеттік қызмет ардагері, зейнеткер Қырғызәлі ТІЛЕУОВ

Comments (0)
Add Comment