«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 қазанда № 21420 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ережесінің 15-тармағының 120) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса берілген «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2020 жылғы 12 қазаны
№ 339 Бекітілген

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ережесінің 16-тармағы орталық аппаратының функцияларының 124) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) волонтер – волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) волонтерлер тобы – волонтерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;
3) волонтерлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда);
4) волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – волонтерлік қызмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4-1) мүдделер қақтығысы – «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру жөніндегі комиссия мүшелерінің жеке мүдделілігі объективті шешім қабылдауға әсер етуі мүмкін жағдай;
5) «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) – әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан үміткерлерге берілетін ақшалай емес сыйақы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. «Волонтер жылы» халықаралық сыйлығын беру тәртібі

3. Сыйлық әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан волонтерлерге, волонтерлер тобына, волонтерлік ұйымдарға, халықаралық волонтерлік ұйымдарға (бұдан әрі – үміткерлер) беріледі.
4. Сыйлық мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1) үздік волонтерлік ұйым;
2) корпоративтік волонтерлік көшбасшысы;
3) алып тасталды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4) тұрақты даму мақсатының көшбасшылары;
5) үздік әлеуметтік көмекші;
6) төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін;
7) хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін;
8) құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін;
9) денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін;
10) салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін;
11) білімді әйгілеудегі үлесі үшін;
12) қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін;
13) бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін;
14) тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін;
15) жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін;
16) әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Сыйлықты өткізу туралы ақпараттық хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында, уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, волонтерлердің qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында, сондай-ақ уәкілетті органның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күнге дейін жарияланады.
6. Үміткерлердің өтінімдеріне бағалау жүргізу үшін уәкілетті орган жанында «Волонтер жылы» халықаралық сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
7. Комиссия құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсында, qazvolunteer.kz волонтерлердің бірыңғай онлайн-платформасында, сондай-ақ уәкілетті органның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады және он бес адамнан кем болмауы керек.
Комиссияны төраға, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары басқарады.
9. Комиссия мүшелері өтінімдерді қабылдау барысында алынған мәліметтерді жария етпейді.
10. Сыйлыққа қатысу үшін qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасына мынадай құжаттарды электронды түрде (DOC, DOCX, PDF форматы) орналастырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу туралы өтінім;
2) волонтерлік ұйымдар үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
3) қолдау хат пен үміткердің волонтерлік қызметке қатысты жетістіктері туралы анықтама (бар болса);
4) волонтерлік қызметке қатысты марапаттау дипломдарының, грамоталардың, Алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);
5) волонтерлік қызметке қатысты үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (бар болса).
10-1. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ сыйлықақы алуға арналған өтінімнің осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган сыйлықақы алуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыйлықақыны алуға арналған өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайына өтінімді талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде үміткер уәкілетті органға ескертулерді ескере отырып, құжаттарды және сыйлықақы алуға талаптарға сәйкес келтірілген өтінімді ұсынады.
Сыйлықақы алуға арналған өтінім осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде үміткерге сыйлық алуға өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша уәжді жауап жібереді.
Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Сол бір үміткер Сыйлықтың бір номинациясынан артық ізденуші бола алмайды. Сыйлыққа ұсынылған үміткерлер туралы жалған ақпарат анықталған жағдайда, ол үміткерлер конкурсқа жіберілмейді.
12. Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Сыйлыққа үміткерлердің тізбесін qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында орналастырады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Сыйлыққа ұсынылған ізденушілердің тізбесі екі кезеңде қаралады.
14. Бірінші кезеңде уәкілетті орган волонтерлердің qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында ашық онлайн-дауыс беру Сыйлыққа үміткерлердің тізімі орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде өткізіледі.
Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша волонтерлердің qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында үміткерлердің тізімі дауыс саны бойынша жарияланады.
15. Екінші кезеңге әр номинациядан ең көп дауыс жинаған 10 (он) артық емес үміткер өткізіледі. Егер дауыстар тең болса, екі үміткер де өтеді.
16. Уәкілетті орган онлайн-дауыс беру аяқталған сәттен бастап күнтізбелік бір күн ішінде Комиссия мүшелеріне Сыйлыққа үміткерлердің өтінімдері мен бағалау парақтарын электрондық пошта арқылы жібереді.
17. Комиссия мүшелері Сыйлыққа үміткерлердің өтінімдерін уәкілетті органнан алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде зерделейді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтыра отырып, төмендегі өлшемшарттарға сәйкес 0-ден 5 балға дейін бағалайды:
1) әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі;
2) ұсынылған бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі;
3) қызметтегі инновациялары;
Әр өлшемшарт бойынша балдар жинақталады және қорытынды балл қойылады.
Комиссия мүшелері уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берген үміткерлермен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарлама ұсынады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Егер Сыйлыққа қатысуға бір ғана өтінім жіберілсе, онда оны ұсынған үміткер балдық бағалау қолданылмай жеңімпаз деп танылады.
19. Комиссияның үміткерлерге Сыйлық тағайындау туралы шешімі әр номинация бойынша Комиссия мүшелерінің жалпы бағалау нәтижелері негізінде Комиссияның отырысында қабылданады.
Балдар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы болса, отырыс заңды деп саналады.
20. Әр номинациядан ең көп балл жинаған үш үміткер жеңімпаз болып танылады.
21. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Үміткерге хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама жобасы мен бағалау парағы қоса беріле отырып, хабарлама жіберіледі.
Үміткер хаттаманың алдын ала жобасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттаманың алдын ала жобасына қарсылық береді.
Үміткерлердің хаттама жобасына қарсылықтары келіп түскен жағдайда, олар қаралғаннан кейін Комиссия төрағасы мен оның мүшелері Комиссия хаттамасына қол қояды және волонтерлердің qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында орналастырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі негізінде Сыйлықты тағайындауды жүзеге асырады.
23. Сыйлық уәкілетті органның бұйрығымен тағайындалады.
24. Сыйлыққа ие болған адамдарға диплом және естелік мүсінше беріледі.
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларына №1 қосымша
Сыйлық алуға үміткердің тіркелу өтінімі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) / тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), (жеке тұлғалар үшін)_________________________
2. Номинациясы _________________________________________________________________________________________
3. Әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесін сипаттаңыз _______________________________
4. Байланыс телефоны ____________________
5.Электрондық мекенжайы_________________________-
Толтырылған күні: 20___ жылғы «____» _______________________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Comments (0)
Add Comment