Жыл соңына дейін тағы 40 автобус жеткізіледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қаладағы қоғамдық көліктер паркін жаңарту жайында баян етті.

Бүгінде Тараз қаласында жолаушы бағытында 9 тасымалдаушы мекеме қызмет көрсетеді. Жыл басынан Тараз қаласына 100 бірлік автобус жеткізілсе, жыл соңына дейін қосымша 40 жаңа автобус әкелу көзделуде. Сондай-ақ, 3 жаңа бағыт іске қосылды.

Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы жолаушылар қатынастары тізбесіне енгізілген автобус бағыттарының шығындарын өтеуге 4,8 млрд теңге субсидия қаралып отыр. Сондай-ақ, биыл облыс орталығында 75 аялдаманы орнату жұмыстары жүргізілген.

Comments (0)
Add Comment