Жыл соңына дейін өңірде 11 елді мекенде 9 мың адам газға қосылады

«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясы отырысының кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуымызға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров пен облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев қатысты.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров Жамбыл облысының әкімдігі «AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырып келе жатқанын тілге тиек етіп, орындалу барысын баяндады.

Айта кетейік, партияның Сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығын ілгерілету мақсатында су қоймаларының құрылысын жүргізуге де ықпал ету жоспары болған. Айта кетейік, аймақта Жол картасы аясында көлемі 650 млн. текше метрді құрайтын 2 су қоймасында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Облыста Тұрғын үй алуға кезекте 37,6 мың адам тұр, оның 16,3 мыңы – халықтың әлеуметтік осал топтары. Осы орайда, аймақта жыл басынан 607,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, тағы 74 үйдің құрылысы қарқын алған. Сондай-ақ, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту аясында жыл соңына дейін 47 нысанның құрылысы аяқталады. Ал, 11 елді мекенде 9 мың адам газға қосылады. Бұл да жыл соңына дейін толығымен аяқталмақ.

Comments (0)
Add Comment