Журналистерге көрсетілген құрмет

25 қазан – Республика күніне орай облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев БАҚ өкілдерін қабылдап, мерекелік құрмет көрсетті.

Нұржас Нұржанұлы өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының ветеринария саласын насихаттауға қосып жатқан үлесін айрықша бағалап, алғыс білдірді.
– Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 25 қазан – Республика күні қайта ресми мереке болып бекітілді. Осыған орай еліміз бұл күнді ерекше атап өтуде. Осы орайда мемлекеттік саясатты жүргізуде БАҚ өкілдерінің атқарып жатқан толайым жұмысын атап өтпеске болмайды. Ветеринария саласындағы да тың дүниелер мен жаңалықтарды жариялап келесіздер. Әсіресе сіздердің ақпараттарыңыздың дәлелді әрі дәйекті болатыны қуантады.
Осы ретте өздеріңізді Республика күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға тек жеміс тілеймін, – деді басқарма басшысы.
Бұдан кейін Нұржас Нұржанұлы ветеринария саласының тыныс-тіршілігін белсенді жариялағаны үшін бірқатар БАҚ өкілдерін Алғыс хатпен марапаттады.

Дедек Төлен

Comments (0)
Add Comment