Журналистер жауапты науқанға жан-жақты дайын

15 наурыз күні республикалық референдумда ел азаматтарының талқысына салынатын жаңа Конституция жобасы жер-жерде жан-жақты талқылануда. Қоғам өкілдері Ата заңға енгізілгелі отырған өзгерістердің оң бастама екенін айтып, барынша қолдау көрсетуде. Бұл ретте елде жүзеге асырылып жатқан реформаларды халыққа толыққанды түсіндіріп, барынша сенімді әрі шынайы ақпарат беру бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басты мақсаты болып отыр.

Осыған орай республикалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Zoom платформасында «Жаңа Конституция  – елдің стратегиялық даму бағыты» тақырыбында Журналистер клубының отырысы өтті. Бейнеконференциясы ҚХА Журналистер клубының мүшелері, этникалық БАҚ редакторлары, баспасөз қызметінің өкілдері қатысты. Жамбыл облысынан жиынға онлайн форматта облыстық ҚХА журналистер клубының төрағасы Марат Құлибаев және клуб мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің қызметкерлері қосылды.

Кездесуді республикалық ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев жүргізіп, конференцияның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Шара барысында Жаңа Конституцияның ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындаудағы рөлі, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызы кеңінен талқыланды. Конституциялық реформалардың жүзеге асырылуы, азаматтық қоғам институттарының белсенділігі және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі туралы сөз болды.

Жиын барысында «Қолданбалы этносаяси зерттеулер» институты директорының орынбасары Ғали-Дінмұхаммед Әзімбайұлы диалог мәдениетін нығайтудағы медиа саласы мамандарының атқаратын рөлі жөнінде әңгіме өрбітіп, ҚХА Төрағасының орынбасары Дмитрий Останькович Конституция жобасына тиесілі адам құқықтар мен еркіндіктері жауапкершіліктерінің басты аспектілерімен таныстырды.

Бибігүл ШАХЗАДА,
өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз хатшысы,
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»
бөлімінің бас сарапшысы

Comments (0)
Add Comment