Жуалы ауданының аппарат басшысы тағайындалды

2022 жылғы 15 қыркүйектегі аудан әкімінің №306-Ж/Қ өкімімен Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы болып Көсембаев Рәтбек Қанатбекұлы тағайындалды.

Ол 1989 жылы Жуалы ауданы, Күреңбел ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2011 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық университетін «тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015-2019 жылдары Күреңбел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери есеп столының инспекторы болып бастаған.
2019-2020 жылдары Күреңбел ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы болып жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жетітөбе ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді.

Comments (0)
Add Comment