Жолдаудың бағыты айқын

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын қала тұрғындарына ақпараттық түсіндіру мақсатында қала әкімінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі №101- өкімімен 5 қалалық ақпараттық топ құрылды.

Олардың құрамына зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, оқу орындары мен кәсіпорын басшылары, білікті ұстаздар, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер енгізілді.

Осыған орай Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге арналған идеологиялық актив жиналысы өткізілді. Аталған жиналысқа қалалық ақпараттық топтардың мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ақпараттық топтың мүшелеріне әдістемелік құралдар, яғни, қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, Жолдаудың толық мәтіні мен тезистері, анықтамалық нұсқаулықтар таратылды.

Президент Жолдауының басты бағыттарын түсіндіру бойынша облыстық және қалалық ақпараттық топтардың мүшелері мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдарымен 45 кездесу ұйымдастырылып, 1 500-ға жуық адам қатысты.

Жоғарғы және арнаулы оқу орындарында Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіруге арналған жоспарлар бекітілген. Жыл ішінде дөңгелек үстел отырыстары, семинарлар, конференциялар, кездесулер, жиындар және тағы да басқа шаралар тұрақты өткізілуде.

Жалпы Жолдауды түсіндіру мақсатында бүгінгі күні қала көлемінде 57 іс-шара өткізіліп, оған қаланың 2 500-нан аса тұрғыны тартылды.
Бүгінде Жолдау бойынша қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде 28 мақала жарияланып, «JAMBYL» және «77 ТВ» телеарналарында 32 сюжет көрсетілді.

Ұлана Сламбекова,
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы

Comments (0)
Add Comment