Жолдауға талдау: Үш жылда не айтылды?

Тәуелсіз Қазақстан жылнамасында Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын алғаш рет сонау 1997 жылдың қазан айында арнаған екен. Міне содан бері 25-ші мәрте Жолдау жолданды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың елбасыдан басты айырмашылығы – Жолдауды 3 мәрте қатарынан 1 қыркүйекте жариялады.

Көптеген елдерде мемлекет басшысының жыл сайын өз халқына жолдау арнап, басты мәселелер жөнінде өз ойымен бөлісіп, мақсатты айқындау дәстүрі қалыптасқан. Бірақ Жолдау тек мазмұндық тұрғыда ғана емес, оның қашан, қай жерде, қанша уақытта оқылғанына, неше сөзден құралды, қандай басты мәселелер бірінші кезекте айтылды, қандай мәселелер айтылмады т.б жан-жақты талқыланатын бірден-бір құжат.

2019 жыл – 5980 сөз

2020 жыл – 8 973 сөз

2021 жыл – 8 731 сөз

Биылғы жолдаудан не өзгереді?

  1. Ең төменгі жалақы мөлшері артады:

2018 жыл – 28 284 теңге

2019 жыл – 42 500 теңге

2022 жыл – 60 000 теңге

Ерлан Сайыров (ҚР Парламент мәжілісінің депутаты): Менің ойымша, Жолдаудағы жаңалықтың бірі – ең төменгі жалақы мөлшерінің артуы. Ол 2022 жылдың 1 қаң­­тарынан бастап 60 мың теңгеге дейін өседі. Бұл шара халқымыз­дың 2 млн азаматының тұрмыс жағдайын жақсартады.

  1. 2025 жылға дейін 1000 мектеп салынады.

Расул Жұмалы (Саясаттанушы): биылғы Жолдау тек ағымдағы мәселелерді шешу ғана емес, сондай-ақ болашаққа қарай бой түзеген істердің жоспары болып саналады. Бұл бағытта да талай батыл да заманның талабына сай міндеттер қойылды.

Солардың ішінде өзіме ерекше ұнаған үше­уін ғана атап өткім келеді. Біріншісі, 2025 жыл­ға қарай жаңадан 1000 мектеп ашу. Екін­шісі, бәсекеге қабілетті IT саласы­ның 100 мың маманын даярлау. Үшін­­­шісі, Қазақстанның 10 ірі қаласын, Ал­­ма­­ты­­ны қосқанда, экологияға зиянды к­ө­мі­р­ден газ бен жасыл қуат көздеріне аудару.

Қазір неше мектеп бар?

2020/2021 жыл: 7 440

2019/2020 жыл: 7 398

2018/2019 жыл: 7 393

2000 жыл: 8 353

1991 жыл: 8 841

  1. Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту.

Ішкі Жалпы Өнім:

2019 жыл: 4,5%

2020 жыл: – 2,5%

2021 жыл: 2,5%

Данияр Әшімбаев (Саясаттанушы) былай дейді: «Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақсатын нақты реформаларға негіздеп, мәселелі тұстарды айқындауға тырысады. Президент көп жағдайда әлеуметтік, экономикалық инфрақұрылым, халықтың табысының артуы және қаржылық тәртіпті ұстануға басымдық береді. Ол бюджеттегі ысырапшылдықты айыптап, үнемдеушікке мән беруді бірінші орынға қойды.

Тоқаев Үкіметтің экономиканың қалыпқа келтіру бойынша атқарып жатқан жұмысын жоғары бағалады. Әйтсе де, инфрақұрылым жобаларының сапасы, уақытша жұмыс орындарындағы мәселені айтпады. Бұл Президент пен Үкімет арасында өзара бәсекелестік жоқ екендігін аңғартады.

Президент кей пункттерде бағаның өсуі сынды мәселені атап өтіп, тұрақтандыруға тапсырма берді.

Жолдауда Қазақстанның Орталық Азияда көшбасшы болу міндеті айқын көрінеді. Менің ойымша, мемлекет билігіне оңтүстік көршіміздің жетістіктері оңай тимейді. Блоктың көп бөлігі  жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру керектігіне мән беріледі.

  1. Цифрландыру жөніндегі ұлттық  жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет.

Ақпараттық-коммуникация саласы бойынша бөлінген грант саны:

2021 жыл – 7 487

Бағдат Мусин (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі):  Біріншіден, жыл сайын жеке IT-мектептерде оқыту үшін IT-ваучерлер берілетін болады. Осылайша, жеке ақпараттық технологиялар мектептері нарығына қолдау жасалып, 2025 жылға дейін 20 мың IT-ваучер берілетін болады. Бұл шара барлық ниет білдірушілерге нарықта құрылатын жоғары дәрежелі IT-мектептерінде IT-мамандарын қайта оқытуға мүмкіндік береді. «Екіншіден, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп IT-мамандықтары бойынша бағдарламаларды өзгертуге дайындық жүргізілуде. Үшіншіден, университеттермен ақпараттық технологиялар дағдылары бар салалық мамандарды даярлау мақсатында IT-мамандықтарды бейінді өндірістермен біріктіру бойынша жұмыстар жүргізуде.

  1. Қымбатшылықты тежеу

Инфляция көрсеткіші:

2021 жыл – 5,8 %

2020 жыл – 7,5%

2019 жыл – 5,4%

Гүлмира Илеуова («Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті, ҰҚСК мүшесі):  Өзбекстан өткен жылы Экономикалық даму және кедейлікпен күрес министрлігін құрды. Қытай да өз халқының кедейлігімен күресіп, оған ақша бөледі. Біздегі халықтың шамамен  4-5% тамаққа ақшаның жетпейтінін айтады. Ал 2021 жылы халықтың 13% тамақтануға ақшасы жоқ екенін және 26% отбасының экономикалық жағдайы нашар және өте нашар екенін айтқан. Қазақтар өз кедейлігін мойындағысы келмейді, бірақ бұл көрсеткіштер ойдан құрастырылған жоқ.

Енді Жолдауда ең көп қолданылған сөздерге контент-талдау жүргізіліп көрелік.

2021 жыл:

Біз – 61

Жұмыс – 48

Мәселе – 46

Ел – 43

Азамат – 40

Жаңа – 38

Ұлт – 38

Үкімет – 32

Міндет – 31

Жүйе – 30

Экономика – 24

Ауыл – 22

Білім – 19

Еңбек – 18

БІЗ (61) Біз дегенде, «біз» деген кім екенін анықтап алу маңызды. Ең алғашқы «Біз» сөзі – Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы» деп келтіреді. Одан соң, Қазақстан мемлекеттік қарызы аздығының және едәуір қоры болғанының арқасында індет салдарын біршама тиімді еңсеруде. Бұл – біздің елеулі бәсекелік артықшылығымыз. Одан айырылып қалмауымыз керек» – деп, айта келе ел ішіндегі инфляция мәселесін тежеу. отандық вакцина, NEET жастар, білім саласы, кәсібилік, еңбек нарығындағы көші-қон т.б проблемаларды шешу керектігін алға тартады.

Жолдаудың соңғы жақтарында «Біздің азаматтарымыз үшін келісім мен толеранттылық – мәдениеттер мен тілдерді өзара тоғыстыратын өмірдің шынайы көрінісі, нақты болмысы. Біз – Конституцияда айтылғандай, біртұтас халықпыз. Біздің нағыз күшіміз – осында . Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте! Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік! Қасиетті Отанымыз мәңгі жасай берсін!» – деп түйіндейді.

2020 жыл:

Жұмыс – 63

Жаңа – 57

Біз – 52

Ұлт – 47

Жүйе – 46

Кәсіп – 40

Міндет – 38

Қоғам – 36

Экономика – 35

Құқық – 30

Реформа – 28

Бизнес – 24

Жемқорлық – 14

2019 жыл:

Мемлекет – 58

Мәселе – 58

Үкімет – 57

Жұмыс – 55

Біз – 44

Жүйе – 33

Азамат – 32

Ұлт – 30

Міндет – 29

Қоғам – 23

Экономика  – 22

Жаңа – 19

Реформа – 13

Егер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларына қарасақ, бір ерекшелікті байқауға болады. Онда Президент сөзі Парламент, Үкіметтен қарағанда аз қолданылған. Ал «Жаңа» сөзі 2019 жылы аз қолданылса, қазір көптеп пайдаланылғанын көреміз. Бұл халықтың әр Жолдаудан «жаңашылдық» пен «реформаны» күтетіндігін аңғартса керек.

Әр жолдауда ең алғашқы айтылған топ-3 пункттер

2021 жыл;

  1. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму
  1. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру
  1. Сапалы білім беру

2020 жыл:

  1. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі
  2. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму
  1. Теңгерімді аумақтық даму

2019 жыл:

  1. Заман талабына сай тиімді мемлекет.
  1. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  1. Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика.

 

Қандай пункт ең соңынан айтылды?

2021 жыл: Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы 

2020 жыл: Ұлттың жаңа болмысы

2019 жыл: Қуатты өңірлер – қуатты ел.

Президент міндеттер қойды. Енді оның қаншалық деңгейде орындалатындығын көре жатармыз.

adyrna.kz

Comments (0)
Add Comment