Жолаушылар мінген теплоход суға батып кетті

Татарстандағы Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батты. Оқиға кезінде 30-дан астам адам құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz.  

«10 шілде күні түстен кейін Аракчино маңындағы Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батып кетті. Жолаушыларды катерлер мен қайықтар арқылы құтқарылды», – деп хабарлады тергеу комитеті басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство кемеден құтқарылған 34 жолаушының аман екенін хабарлады. Қазір сүңгуірлер суға батқан кемені тексеріп жатыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Comments (0)
Add Comment