Жолақыны Kaspi QR арқылы төлеу қолжетімді

Бүгіннен бастап Тараз қаласының «Tulpar Card» электрондық билеттендіру жүйесінде төлемнің жаңа түрі – «Kaspi QR» арқылы төлеу қолжетімді болады. Яғни енді жолақыны төлеу үшін «Kaspi.kz» қосымшасына кіріп, стационарлық валидатор дисплейіндегі немесе «Tulpar Card» жапсырмасындағы QR кодты сканерлеу қажет.
«Kaspi QR» арқылы жолақыны төлеу жолаушылардың барлық санаттары үшін – 85 теңге. Сонымен қатар бұрынғыдай көлік картасымен, SMS, QR код немесе сандық кодпен «Tulpar Card» мобильді қосымшасы арқылы да төлем жасай аласыз.

«JT-ақпарат»

Comments (0)
Add Comment