Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Жол – экономиканың күретамыры. Сондықтан жолды күтіп-ұстау – әрдайым маңызды шаруа. Тек аймақаралық қана емес, қалаішілік жолдар да – ел әлеуетінің айқын көрінісі.

Бір жағынан, тақтайдай тегіс жол – тұрғындар қауіпсіздігінің де кепілі. Бұл бағытта көне шаһарда қаланы дамытудың үш жылдық жоспарына сәйкес, ілкімді істер қолға алынуда.
Ағымдағы жылы да жол құрылысына ерекше көңіл бөлініп отыр. Нақтырақ тоқталсақ, 2024 жылы қала көшелерін 23 980,8 шаршы метрде ағымды жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 200 000,0 мың теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесі бойынша жеңімпаз мердігерлермен келісімшарт жасалды.
Айталық, «АБДИ-СТРОЙ» ЖШС №6, №7, №9, №8, №5 , №11, №10, №4 округтердегі, «BIG building NS» ЖШС №1, №2, №3 округтердегі автомобиль жолдарын ағымды жөндеуден өткізуде. Қазіргі таңда жол құрылысы барлық нысанда қарқын алған.
Құрылыс жұмыстарының сапасы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің тікелей бақылауында.

Құрмаш Қаптағай

Comments (0)
Add Comment