Елордада автобус жүретін жолмен жеңіл көліктер де жүре алуы мүмкін. Тек кептеліс қызып тұрған уақытта ғана ол жолды қоғамдық көліктер пайдаланады деп хабарлады turkystan.kz City Transportation Systems-ке сілтеме жасап.
Орталықтың мәліметінше, мұндай қадамға баратын болсақ, қоғамдық көліктерді күту уақыты ұзарады. Оның үстіне қазір автобус жүргізушілері де тапшы.
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікке арналған 27 аймақта осындай арнайы жолдар бар. Жалпы аумағы – 72,4 км. Дәл осы арнайы жолдың арқасында автобустарды күту уақыты тағы 10 минутқа қысқарған.
«Егер кептеліс жоқ болса, онда жеңіл көліктердің автобус жолымен жүруінің қажеті не?» – деді компания.
Аталған мәселе бойынша қала тұрғындары өздерінің ұсыныстарын жазып, әкімшіліктің сайтына жүктей алады.