Жыл өткен сайын Тараз қаласы тұрғындарының саны артып келеді. Соған орай шаһарда көлік қозғалысы да көбеюде. Бұл өз кезегінде жол белгілеріне деген сұранысты тудыратыны сөзсіз. Әрине, қала экологиясының ластануы мен көлік кептелісінің алдын алу үшін жол қозғалысын реттеудің маңызы жоғары.
Қалада бұл бағытта да ілкімді істер қолға алынуда. Әсіресе тұрғындар көп қатынайтын әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындарға айрықша назар аударылуда. Айталық, қазіргі таңда қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында шаһар көшелерінде жол таңбаларын жаңарту, жол белгілерін салу, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтарды сызу жұмыстары жүргізілуде. Себебі мамандардың айтуынша, жол белгілері мен таңбалардың жаңартылуы көшедегі кептелісті және авариялық жағдайлардың туындау қаупін азайтады.
Құрмаш Қаптағай