Жол апатынан 5 адам көз жұмды. 5 жасар қыздың жағдайы ауыр (видео)

Алматы облысындағы Шонжы ауылының маңында жол апаты болды. Салдарынан 5 адам көз жұмды, 5 жасар қыз аман қалды. Оның жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Жол көлік апаты Ұйғыр ауданы орталығынан 3 шақырым жерде Ақсу, Ұзынтам ауылына барар тас жолдың бойында болған. Жантүршігерлік жағдайдың бейнежазбасы Telegram-дағы Zhest_KZ парақшасында жарияланды. Артынша Алматы облыстық ПД оқиғаға байланысты ақпаратты бөлісті.

 

 

«Ауди және Ниссан маркалы көліктер бетпе-бет соғылып, арты өртке ұласқан. Екі көліктің де жүргізушісі және бір жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы үш адам Шонжы ауылының ауруханасына жеткізілді. Кейін жарақаттың ауырлығынан 2 адам көз жұмды. 5 жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде«, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4-бөлігі бойынша (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Comments (0)
Add Comment