Жол апатына түсіп бір ажалдан аман қалған актриса Дариға Бадықова қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы актриса өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты.
Жаратушыға шүкір! Бәрі дұрысталды. Хабарласып жағдай сұраған жандарға рахмет. Іште уайым бар, сұрақтар бар. Адам өзіне неге деген ғана сұрақ қояды екен? Ажалмен қарама-қарсы келгенде, денеңді бос жіберіп бәрі бітті дейді екенсің, —дейді актриса.
Жол апатына түсіп бір ажалдан аман қалған актриса Дариға Бадықова қазіргі жағдайын айтты / instagram.com/dariga_badykova
Ол қандай жағдай болса да қайырымдылық жасай беретінін айтыпты.
Түйгенім адамдарға көмектескенімді, көздерімен көрмесе де, жүректерімен сезбесе де көмектесе беремін. Көмектесе беремін, — деп жазған.