Ағымдағы жылдың 9 айында жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында облыс автожолдарының 1782-не тексеріс жүргізілген. Тексеріс барысында облыс автожолдарында 11602 ақаулық анықталған. Соның қорытындысы бойынша жол ұйымдарының басшыларына орындау үшін 1782 жазбаша нұсқама берілген.
Автокөлік жолдарына қызмет көрсетудегі кемшіліктер бойынша аудандық және облыстық атқару органдарына 631 ақпарат жолданды.
Автокөлік жолдарына қанағаттанарлықсыз қызмет көрсеткені және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін облыс бойынша 250 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оның ішінде, Т. Рысқұлов және Шу аудандарының полиция бөлімдері мен Тараз қаласының полиция басқармасы берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша ауданның автожолдарын күтіп ұстауға жауапты 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыс аумағында автокөлік жолдарымен қиылысатын 73 темір жол өткелдері орналасқан. Соның ішінде 46-ы реттелетін, 27-і реттелмейтін өткелдер санатына жатады. Өткен кезеңде барлық темір жол өткелдері тексеріске жатқызылған болатын.
Тексеріс жүргізу барысында теміржол өткелдеріне қызмет көрсету бойынша 205 кемшілік анықталып, оларды жою бойынша өткелдерге қызмет көрсететін ұйымдарға 68 жазбаша нұсқама жолданған.
Теміржол өткелдеріне қанағаттанарлықсыз қызмет көрсеткені және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 631 бабы 1бабына сәйкес облыс бойынша 20 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 14-і «ҚТЖ ҰҚ АҚ» қызметкерлері, қалған 6-ы заңды тұлғалар.
Жайдарбек Құттыбаев, облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі