Жоба аясындағы жарқын кеш

Абай атындағы орталық кітапханасы «Кітап және отбасы» жобасы аясында «Анаға тағзым» орталығында мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастыратын еліміздегі жас буын өкілдерімен пікір алмасып, ой бөлісу мақсатында «Жастар – болашағымыздың түп-тамыры» атты «дөңгелек үстел» өткізді.
Іс-шараға қаламыздағы №28 және №46 орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысып, қазіргі таңда жастар арасында белең алып бара жатқан жат қылықтар, оның ішінде нашақорлық, әсіре діншілдік және құмар ойындарға тәуелділік және оны жоюдың жолдары туралы кітапхана оқырмандары Марат Тоғжан, Тлембай Алинамен ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, жастарымыз қандай кітап оқығанды ұнатады және өмірлік ұстанымдары туралы Айсұлу Алимұхан  мен Сатыбалды Жасұлан қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда кітап оқу қажеттігіне баса назар аудару қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ Әлия Молдағұлова атындағы №28 орта мектептің оқушысы Ілияс Аруна Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін жатқа оқыды.
Кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Жастар – еліміздің болашағы» атты кітап көрмесінде кітапхана қызметкері К.Акылбекова белгілі психолог Рой Баумастердің «Ерік жігер» атты кітабына  библиографиялық шолу жасады.

 

Comments (0)
Add Comment