Артериялық гипертензияны «үнсіз өлтіруші» деп атайды, өйткені жоғары қан қысымы сізге білінбеуі мүмкін: сіз өзіңізді қалыпты сезінгеніңізбен, қан қысымыңыз жоғары болуы мүмкін,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Сіздің қан қысымыңыздың жоғарылағанын білудің дұрыс жолы – оны үнемі өлшеу.
Егер сізде инсульт немесе инфаркт болса да, жоғары қан қысымымен күресу осындай жағдайлардың қайталануын болдырмауға көмектеседі!
➢ Егер сізде артық салмақ болса, салмақ тастаңыз;
➢ Майлар мен тұзды, қантты аз пайдаланып, жемістер мен көкөністерді көп тұтыныңыз;
➢ Майы аз немесе майлылығынан ажыратылған өнімдерін пайдаланыңыз;
➢ Үнемі физикалық белсенді болыңыз;
➢ Темекі шегуден және алкогольді тұтынудан бас тартыңыз, өйткені инсульт алкоголь ішкеннен кейін дамитынын ұмытпаңыз;
➢ Емдеуші дәрігеріңіз ұсынған дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдаңыз;
➢ Сіздің қан қысымыңыз сіздің дәрігеріңіз анықтаған белгілі бір деңгейде болуы керек екенін естен шығармаңыз.
Есіңізде болсын, Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда!