Жигули Дайрабаев Қазақстан президенттігіне кандидат болып тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Осылайша, Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды. Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
30 қыркүйекте Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Осыдан кейін ол мемлекеттік тілді білуге емтихан тапсырды.