Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция мәліметтеріне сілтеме жасап.
Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция станциясы 22 қарашада сағат 06.22-де тіркелген жер сілкінісі туралы мәлімдеді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан», – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10. MPV магнитудасы – 4,5. Тереңдігі – 20 шақырым.