Алматыда әжесін өлітірі, үйін өртеген 18 жастағы жігітке қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, 2020 жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы Медеу ауданы шағын аудандарының бірінде болған өрттен кейін қарт әйелдің өртенген мәйіті табылған.
Жүргізілген сот-медициналық сараптама әйелдің өлімі жүрек – тамыр және тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан болғанын көрсетті.
Өрттің себебі сараптамасының қорытындысына сәйкес электр сымы ның апатты жағдайдаынан шыққан.
Аталған сот сараптамаларының нәтижелерін ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған болатын.
Алайда кеін қылмыстық іс материалдарын зерделеу, қайтыс болған адамның туыстарының уәждерін бағалау нәтижелері бойынша Медеу ауданының прокуратурасы іс бойынша іс жүргізуді қайта бастады.
«Қадағалау органының нұсқауы бойынша мәйітті эксгумациялау жүргізілді және комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды, бірқатар басқа тергеу әрекеттері жүргізілді. Қосымша сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі мойынның механикалық асфиксия (қылғындыру) болғандығы анықталды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Көз жұмған адамның 18 жастағы немересі қасақана кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Ол сол күні отбасылық жанжалдың салдарынан дене жарақатын алып, содан кейін әжесін өлтіргенін айтып, мойындады. Үйде болған ақша мен зергерлік бұйымдарды иемденіп, қылмыстың іздерін жасыру үшін ол әдейі өрт шығарған.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы кісі өлтіргені, сондай-ақ мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.