Тараз қаласы аумағындағы «Элеватор (Асқаров көшесі соңы)», «Қарасай» және «Қамуқат» алқаптарында тұрғын алқабын орналастыру мақсатында шаруа қожалығын жүргізу үшін арналған жер учаскелері Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы №1036 қаулысына сәйкес мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жалғасуда.
Жер учаскесін мемлекет қайтару жұмыстары Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарына сәйкес, жер учаскелерін тәуелсіз бағалаушымен бағалау жұмыстары жүргізілуде.
Бағалау жұмыстарынан кейін жергілікті атқарушы органның тарапынан меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мемлекетке қайтару туралы келісімсөздер жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 65-бабының талаптарына сәйкес, тәуелсіз бағалаушы «Asia Consalting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасалынған бағалау жұмыстарының негізінде, жалпы көлемі 4,5000 га жер телімдерін жер пайдаланушылармен мемлекетке қайтару туралы келісімшарт жобалары жасалынды.
Жұмыстар ары қарай жүргізілуде.
Т.Айменов,
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары
бөлімінің басшысы