Жерасты өткелі жаңаша кейіпке енді

Шаһар тұрғындары көптен бері Жамбыл даңғылы бойында орналасқан жерасты өткелін жөндеп беруді сұрап келген еді. Жуырда аталған мәселе шешімін тауып, тұрғындар өтініші орындалды.

«Жасыл Ел-Тараз» мекемесі екі аптаның ішінде өткелдің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын толық аяқтады. Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өткелге жарық шамдары, қоршаулар мен жедел операциялар орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылды.
Мамандар тұрғындарға жайлы жағдай жасауды да назардан тыс қалдырмаған. Жерасты өткелінің ішінде 2 орындық пен ақпараттық тақта орнатылған. Айналасы да абаттандырылды. Осылайша өткел жаңаша кейіпке еніп, қаланың көркіне сән қосып тұр. Енді осы аумақтың тұрғындары, әсіресе Тараз өңірлік университетінің студенттері еш алаңдамай жерасты өткелін пайдалана алады.

Құрбанәлі Шахабай

Comments (0)
Add Comment